Мәдениет

«Жарыңыз жаныңыздан табылды ма»: Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын тойлады

Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын тойлады. Олардың отасқанына биыл 25 жыл толуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күміс тойдың сәттерін инстаграмға журналист Айгүл Мүкей көрсетті. Ерлі-зайыпты әншілер қымбат көлікпен қонақтардың ортасына балаларымен салтанатты, думанды тойға келеді.

«Қыдырәлі мырза, Қарақат ханым сіздің әрдайым қасыңыздан табылды ма?» — деп сұрайды асаба.

«Әрине», — деп жауап берді әнші.

«Қарақат ханым, Қыдырәлі мырза сізді әрдайым алақанында аялады ма?» — деп сұрады.

«Әрине», — деді әншінің жары.

Әншінің жанкүйерлері бақыт тілеп, «Алтын тойға жетіңіздер» деп тілек қалдыруда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close