Жаңалықтар
«Жастарға қырғидай тиіпті»: Желіде Ерке Есмаханның 16 жастағы оқушымен қалжыңдасқаны қызу талқылануда

Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның сахнада тұрып 16 жастағы оқушымен құрған диалогы қызу талқыға түсті. Алайда видеоның қашан, қай қалада түсірілгені белгісіз, деп жазады qandastar.kz ақпарат порталы.
Видеодан әншінің Нұрсұлтан есімді оқушымен қалжыңдасып тұрғанын байқауға болады.
«Кетеміз Алматыға, өзіммен алып кетемін. Дайынсың ба? Сенімдісің бе? Қанша жастасың? 16-да? Әлі мектеп бітірген жоқсың ба? Күтемін онда сені», — дейді Ерке Есмахан.
Ал Еркенің бұл әрекетін жұртқа жақпай қалған көрінеді. Оқырмандар видео астана түрлі сыни пікір қалдырған.
«Жас балаларға қырғидай тиіпті», «Осы әртістер неге сахна мәдениетін ұстамайды?», «Кішкентай бала емес пе?», «Саған жас балалар ғана ұнайды екен», — деп жазды желі қолданушылары.