Жаңалықтар

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген автонесиенің бағдарламасы әзірленбек

Фото: inbusiness.kz


Жеңілдікті несиелеу бағдарламасында алдағы уақытта қандай өзгерістер күтілуде салалық комитет төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев айтып берді.

Бүгінде бағдарлама револьверлік негізде жұмыс істейді және ай сайын 250-300-ден астам көлік шығады. Дегенмен азаматтардың шағымдарын ескере отырып, бағдарлама шарттарын қайта қарау жоспарланды.

– Бізде 4%-дық мемлекеттік бағдарлама бар, ол жерде кезекке тұрып, банктерге хабарласу керек. Енді оны қайта қараймыз, өйткені шағымдар көп болды. Жеңілдік ала алмай жүрген көпбалалы отбасыларға көбірек бағыттағымыз келеді. Банктерге құзырымыз жүрмегендіктен, нарықтағы бағаны реттеуге тырысып көреміз. Осы бойынша сенат депутаттары да, мәжіліс депутаттары да мәселені қозғағалы отыр, – деп комитет өкілі айтып өтті.

Сондай-ақ, жеңілдетілген несие алуда әлеуметтік мұқтаж азаматтарға басымдық беру үшін жалақы өлшемдерін енгізу жоспарланып отыр. Бұл шешім де көпшілік арасында көтерілетін болады.

Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков бағдарламаны қайта қарау қажеттігін айтып, оның екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейтінін нақтылады. 

Оның айтуынша, қаражат әлеуметтік қажеттіліктерге көбірек бөлініп, ал бағдарламаға қосымша енгізу мүмкіндігі әзіршн қарастырылмайды.

– Біз мемлекеттік қаражатты әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Айына 200-250 көлік көлемі жеткіліксіз. Бірақ бюджеттік мүмкіндіктер шектеулі екенін түсінуіміз қажет. Бұл ақшаны пайдалана алатын басқа да бастамалар бар. Бағдарламаға қосымша инъекциялар жоспарланбайды, бірақ біз айналымдық негізде қаражат аламыз, ал Қазақстанда ай сайын орта есеппен 250-ге жуық автокөлік сатып алынады,– деп айтып өтті өз сөзінде Сапарбеков.

Айта кету керек бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істейді, сондықтан қосымша ақпарат алу үшін осы банк өкілдеріне жүгінуге болады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close