Жаңалықтар

Жер телімі бұйыруы ғажап емес: Болат Назарбаевтың мұрасына кім таласпақ?

Фото: ашық дереккөз

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай оның мүлкіне талас басталып кеткен-ді. Нотариусқа барып, мұрагерлік құқығын жариялағандар тізімде «Ең бай сантехник» атанған Болат Назарбаевтың көз жұмған сәтіндегі заңды әйелі Динара Мәметекова мен 14 баласы бар, деп хабарлайды Qandastar.kz @yyedilov каналына сілтеме жасап.

Әзірге ресми тіркелген мұрагерлердің саны осыншама. Алайда оның саны бұдан да өсуі ғажап емес. Себебі, қарапайым сантехниктен миллиардерге дейін өскен марқұмның Қазақстанда да, басқа мемлекетте де дәулеті болғаны ешкімге құпия емес.

Болат Назарбаевтың 36 жастағы әйелі Динара марқұм күйеуінің балаларының саны 20-ға жуықтайтынын айтқан. Ол күйеуінің көбісін ұмытып қалғанын да жеткізген. Алайда әрқайсының атын, тіпті туған күніне дейін жазып алғанын айтты.

Айта кетейік, Болат Назарбаев мұрасының ең қомақты бөлігіне Нұрбол Назарбаев ие. Алайда біраз активтің кезінде заңсыз қолды болғаны дәлелденіп, марқұмның біраз мүлкі мемлекетке қайтарылуда. Сондықтан мұрагерлерге жер телімі, не үй ғана бұйырып қалуы ғажап емес.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close