Жаңалықтар
«Жігіт кедергі жасады»: Қызылордада қыздар төбелесіп қалды
Фото: видеодан скриншот
Қызылордада саябақтардың бірінде екі қыз төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған видеодан қыздардың бірі екіншісін жұдырықпен ұрып-соғып, тепкенін байқауға болады. Бір жігіт ажыратуға келіп, өзі де бойжеткенмен төбелеске кірісіп кеткен. Ер адамның соққысынан қыз жерге құлап, оған самокат лақтырған. Сосын екеуі бірін-бірі ұрып соққан.
Олардың жекпе-жегіне желі қолданушылары түрліше пікірлерін жаудырды.
Қызылорда қаласы полиция департаменті оғиғаға қатысты түсіндіктеме берді.
«Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Төбелескендердің аты-жөндері анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әкім орынбасары мен аппарат басшысы төбелесіп қалғаны туралы жазған едік.