Жаңалықтар

«Жоғарғы соттың әділ шешімі»: Министрлік 1 млн теңге төлейтін болды

Фото: Айқын.кз

Төтенше жағдайлар министрлігінің экономика және қаржы департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы бас маманы Наталья Салтыкова Жоғарғы Сот арқылы 1 миллион теңгеден астам өтемақы алатын болды, – деп хабарлайды orda.kz

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Салтыкова 2013 жылдан бастап ТЖМ-де қызмет атқарып, кейін мемлекеттік қызметке сарапшы лауазымына ауысады. 5 жылдан кейін зейнет жасына жеткен соң, жұмыстан босатылды. Бірақ, 20-25 жыл еңбек өтіліне тиесілі өтемақыны ала алмай қалады.

Бастапқыда, бірінші инстанция соты Салтыкованың талап-арызын дұрыс көруден бас тартты. Бірақ Жоғарғы Сот істі қайта қарап, оның арнайы атақтан айырылғандарға арналған зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екенін анықтады.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот актісін жойып, министрлікті Наталья Салтыковаға 1 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close