Жаңалықтар

“Жоғарыдағылар жағдайға сенбейді”: Жарты ай комада жатқан сарбазды дәрігерлер үйіне шығарған

Фото: ашық дереккөз

Жарты айдан астам комада жатып, оянған Ұлттық ұлан сарбазы Ұлттық нейрохирургия орталығынан үйіне шығарылды, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл ретте дәрігерлер Ербаян Мұхтардың жағдайы кәсіби медицина қызметкерлерінің күтімін қажет ететінін мойындайды. Өйткені, ол медициналық қызметкерлердің бақылауымен үнемі дәрі-дәрмек, антибиотиктер, дәрумен алуы керек.

Сарбаздың туыстары жеке дәрігерлердің ақысын қалтасы көтермейтінін айтты. Оның үстіне сарбазға мүгедектік тағайындалмаған және оның ісі бойынша әлі де сот процесі басталмады. Сарбаздың туыстары тіпті “жоғарыдағылар Ербаянның халі ауыр дегенге сеніңкіремейді” деп отыр.

Еске салсақ, қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылы 4 желтоқсан күні түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған.

Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған.

Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деп жауап берді.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close