Жаңалықтар

Жоқ адамды жұмысқа алған – «ҚТЖ» бөлімшесінде тергеу жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөз

“Қазақстан темір жолы” компаниясы өз бөлімшесінде, яғни «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында ішкі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде есепте тұрғанымен, қызметте жоқ адамдарды анықтаған, деп жазады qandastar.kz аtamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Филиал басшылығының нұсқауы бойынша жалған түрде жұмысқа алынған адамдар негізі құрылыста жүрген. Компания осы жағдайда жәбірленуші тарап ретінде танылған.

«Қазіргі кезде іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр», – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесі құқық қорғау органдарына тапсырылды. Осы оқиға бойынша Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, 21 млн теңге көлемінде шығынды анықтады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close