Мәдениет
«Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді»: Аша Матай өнерден неліктен алшақтап қалғанын айтты
Фото: instagram.com/ asha_matai
Танымал әнші, актриса Аша Матай өнерден неліктен алшақтап кеткені туралы «1001 түн» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағдарламада Аша Матай жанұясына бар уақытын арнап жүргенін тілге тиек етті. Ал киноларға күйеуінің өтініші бойынша түспей жүр екен.
«Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Ол рас. Өзінің жарын қызғану, қимау бұл негізі бүкіл ер азаматтарға тән қасиет деп ойлаймын. Оның үстіне Арманның қолдауы ерекше. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап, құлпырып жүруімнің өзі сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің «Менсіз киноға түспеші» деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ бірге түсеміз», – дейді өнер иесі.
Ол өз сөзінде бизнес саласына бет бұрғанын айрықша атап өтті.
«Қазіргі таңда мен уақытымды үйге, бала-шағама, күйеуіме, енеме арнаймын. Сондай кезеңде жүрмін. Бизнес саласына бет бұрдым. Ал Арман қазіргі таңда әншілік қырынан көрінуге дайын. Бірнеше ән жазып жатыр, хит болады деп ойлаймын», – деді Аша Матай.