Жаңалықтар
Жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңге айыппұл салынды

Жүк көлігі жүргізушілеріне 100 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Еліміз бойынша барлығы 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген.
Еліміз бойынша көлік министрлігінің бастамасымен «Назар аударыңыз, ауыр салмақты автокөлік» рейдтік іс-шарасы негізінде ауыр салмақты көліктердің, оның ішінде самосвалдардың қозғалысы бойынша бақылау күшейтілді.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк тасымалдауының алдын алу және бақылау бойынша шараның аралық қорытындылары туралы айта келе, айыппұлдардың басым бөлігі Маңғыстау, Ақтөбе және Жетісу облыстарында салынған.
«Осылайша, аталған рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 100 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен 293 заң бұзушылық фактісі анықталған. Жалпы, акция басталғаннан бері көліктік бақылау инспекциялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп 30 рет инспекция жасады», — делінген көлік министрлігінің хабарламасында.