Жаңалықтар
«Жүрегім жылап барады. Әттең…»: Қайрат Нұртастың анасы желідегілерге мұңын шақты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы 15 тәулікке қамалғалы желіде жазба жариялап, мұңын шақты, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ол Қайрат Нұртас өнер жолын енді бастаған кезден күні бүгінге дейін әсерлі видеолар жариялады.
«Әрбір анаға көтере алар ма, жоқ па деп түрлі сынақты беріп тастаған. 62 тамырыңзды жарып шыққан перзентің үшін тауды қопаруға дайынсың. Бірақ кейде әлссіздік жеңіп кетеді ма деп те миың бір сәтке ой қармауынан шыға алмайтын кездер де болады. Жоқ, мен әлсіздік танытсам не үшін ана деген атқа лайықтымын?! Тұр да, басыңды көтер. Жығылуға тиісті емессің деген оймен денеңді тік ұстауға, беліңді бекем буады екенсің. Бір Алла жар болсын.
Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да елдің көз алдында өсіп келе жатқандықтан да өз ұлдарындай, өз бауырларындай болып кетеді екен ғой. Жек көріп тұрып, жүрегінің түбі жақсы көріп тұратындар өте көп екен. Көзден жас құлап барады. Жүрегім жылап барады. Әттең, ештеңе айта алмаймын», — деп жазды продюсер.