Жаңалықтар

Жыл басынан бері Yandex Qazaqstan қанша салық төледі?

Фото: Сергей Петров / news.ru / Global Look Press

Жыл басынан бері Yandex Qazaqstan Такси жүргізушілері үшін 3 млрд теңге салық және әлеуметтік аударымдар төледі.

2025 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысына сәйкес, 85 000 жүргізуші «Яндекс Такси»платформасында мобильді қосымшаны пайдаланған. Және олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Компания жүргізушілер үшін 3 млрд теңге салық және әлеуметтікаударымдар төледі. Осылайша жыл басынан беріәлеуметтік қорғалған жүргізушілер саны екі есе өсті.


«2024 жылдың қыркүйегінен бастап «Яндекс Такси»компаниясы мобильді қосымшаны  пайдаланатындар үшін салық агенті болып табылады. Яғни бұл дегенмізбіз такси жүргізушілерін табыс салығын, міндетті медициналық сақтандыруды, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын есептеуден және жарна төлеуден босатамыз дегенді білдіреді. Барлығын өзіміз жасаймыз. Қазір осының арқасында 85 000 жүргізуші әлеуметтік жағынан қорғалған, яғни медициналық сақтандыруға, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақығақұқығы бар», деді Қазақстандағы Яндекс Таксибасшысы Тайыр Байдүйсен.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы «Яндекс Такси»платформасы Қазақстанда жұмыспен қамту бойыншапилоттық жобаны бірінші болып іске қосты. Ал 2024жылдың 1 қыркүйегінен бастап компания салық агентіболып, орындаушылар үшін салықтарды автоматты түрде есептеуді, ұстап қалуды және аударымдарды жүргізді.Содан бері компания бюджетке салық және әлеуметтікаударым түрінде 4,3 млрд теңгеден астам қаржы құйды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close