Жаңалықтар

«Жылап қалдым»: Мөлдір Әуелбекова ұлына арнап әсерлі жазба жариялады

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының айтқан сөзінен кейін, көз жасына ерік бергенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ұлын мен қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

“Қос қанатым! Салтайым 2-сыныпқа, Аққызым балабақшаға қадам басты. Балаларымыздың қадамдары нық, сәтті, берекелі болсын», – деп жазды эстрада жұлдызы.

Одан кейін әнші ұлы Салтаймен түскен суреттерін бөлісіп, баласының өзіне айтқан сөздерінен кейін көз жасына ерік бергенін жеткізді.

«Салтай бүгін “Анашым! Қарындасыма өзім қамқор боламын! Алаңдама!” – деді. Жылап қалдым», – деп жазды әнші.

Еске салайық, «Қызыма Даун синдромы диагнозы қойылды» деп Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте ана атанған сәтін есіне алған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close