БілімЖаңалықтар

Жылдам әрі заңды ғылыми дәреже: қазақстандық білім алушыларға диплом алудың жаңа тәсілі ұсынылды

Фото: ДСМ
Қазақстанда соңғы жылдары білім беру саласындағы алаяқтық мәселесі, әсіресе магистр дәрежесін алу кезінде өзекті бола түсуде, деп хабарлайды qandastar.kz

Беделді дипломдар мансаптық өсуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, бірақ кейбір адамдар ғылыми дәрежені алу үшін алаяқтық жолды таңдайды.

Aqparat saqshysy Telegram-арнасының мамандары магистр дәрежесін алудағы белең алып жатқан алаяқтық әрекеттері жайлы айтып берді.

Алаяқ екенін қайдан білуге болады? 

  1. Алаяқтар сабаққа қатыспай немесе диссертация жазбай-ақ магистрлік дипломды «сатып алуды» ұсынады. Мұндай диплом, әдетте, жалған немесе заңсыз жолмен алынған болып шығады.
  2. Кейбір жосықсыз ұйымдар лицензиясыз магистрлік бағдарламаларды ұсына отырып, өздерін ресми аккредиттелген университеттер ретінде көрсетеді
  3. Академиялық адалдық принциптерін бұзатын диссертация жазуға немесе емтихан тапсыруға ақылы «көмек» тәсілін ұсынады.
  4. Кейбір магистранттар өздерінің академиялық жетістіктерін растайтын жалған ғылыми жарияланымдар мен ұсыныстар үшін ақы ұсынады.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close