Жаңалықтар
«1 миллион теңге»: Қызылордада орган қызметкеріне пара берген имам жұмысынан қуылды
Фото: gazeta.uz
Қызылордада 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам Талғат Нұрман «Ыбырай молда» мешітінен жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Имам сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
«Ыбырай молда” мешітінің имамы Талғат Нұрман ҚМДБ-ның қаулысымен қызметінен босатылды. Сот оны сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуына байланысты қызметінен кетті. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы нақты мәлімет жоқ», – делінген хабарламада.
Тамыз айында мешіттің бұрынғы имамы Талғат Нұрман мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері Серік Әбілқайыров жемқорлық үшін сотталған беді. Нұрман «имам деструктивті діни ағымдарды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелді асырайды» деген күдік тудырған тексеруден құтылу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкеріне 1 миллион теңге берді.
Алайда ақша берілген соң имамның өзі құқық қорғау органдарына хабарласып, іс қозғалған. Сот Нұрманды пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп таныды. Алайда оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Жазда имамға үкім шығарылды.
Сондай-ақ мүфтият бұрынғы имамның әйелдерінің саны мен оның деструктивті ағымдармен байланысы туралы ақпаратты растамады. ҚМДБ өз қызметкерлерінің жеке өміріне араласпайтынын жеткізді.