Қаржы және төлемдер
147 мың теңгеден көп өтелмеген қарызы бар қазақстандықтар шетелге шыға алмайды
Фото: ашық дереккөз
Енді 147 мың теңгеден көп өтелмеген қарызы бар қазақстандықтар шетелге шыға алмайды, деп жазды qandastar.kz
Бұл қарыз 3 айдан астам өтелмеген болса жол жүру шектеледі. Шектеуге соңғы жылдары емделуге шықтық деп жалған ақпарат бергендердің көбеюі себеп болған.
Алайда талдау нәтижелеріне сәйкес, биыл 10 ай ішінде сотқа жіберілген 1 768 қаулының 867-сі немесе әрбір екіншісі санкция беруден бас тартылған. Рұқсат беруден бас тартуға шетелде емделу қажеттілігі туралы дәлелдердің болмауы себеп. Сондай-ақ өз елінде емделу мүмкіндігінің болуына байланысты.