Жаңалықтар

«16 жерінен пышақтап, қоқысқа лақтырған»: Шымкентте 26 жастағы әйел өлі табылды

Шымкентте 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева мәлім етті.

Оның айтуынша, марқұм Telegram-арнадағы «үй жинаушы қажет» деген хабарландыру бойынша шақыртылған мекенжайға барған.

Туыстары таратқан ақпаратта қызды 17 жастағы жасөспірім пышақтап өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған.

«Өкінішке орай біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылыпты. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тыстап кеткен. 10 күн болыпты, телеграм каналына «жұмыс бар» деген, үй жинау керек деп салған екен, қыз сол хабарландырумен барған. Өте ауыр жағдай. Екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды артында», — деп жазды заңгер.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close