Жаңалықтар
2022 жылғы 8 маусымда Ортсайлауком жаңа аумақтық сайлау комиссияларын құрды
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2022/06/AB552907-2C95-4D83-B640-F0093D0B8E2F-780x405.jpeg)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Президенттің Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы №48/507, №48/508, №48/509, №48/510 қаулылары арқылы Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Абай облысы Ақсуат ауданының және Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының аумақтық сайлау комиссияларын құрды.
Осылайша, жаңадан құрылып отырған 5 сайлау комиссиясын есепке алғанда, еліміздің сайлау жүйесінде 239 аумақтық сайлау комиссиялары жұмыс істеуде.