Жаңалықтар

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетке 40 млрд теңгеден астам ақша төледі

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ төлеген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 40,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 17,9% — ға көп.

Республикалық бюджетке ең үлкен төлемдер корпоративтік табыс салығы (11,8 млрд теңге) мен қосылған құн салығынан (3,8 млрд теңге) құралды. Жергілікті бюджеттерге мүлік салығы – 10,5 млрд теңге көлемінде, жеке табыс салығы – 7,5 млрд теңге және әлеуметтік салық – 6,1 млрд теңге көлемінде төленді.

2019 жылдан бастап салық органдары салық төлеушілердің қызметін сараланған салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылатынына байланысты үш санатқа бөледі, олар — төмен, орташа және жоғары тәуекелді санаттар. Осы санатқа сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ төмен тәуекел дәрежесін иеленді. Аталмыш дәреже компанияның сенімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close