Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы​ Сазды өзенінің арнасын тазарту мәселесі талқыланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысқан жиында​ Сазды өзенінің арнасын тазартуға қатысты өзекті сұрақтар қаралды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Иманқұлов, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, «Қазавтожол» АФ директоры Мырзабай Нұртазин және облыстық мәслизаттың депутаты​ Евгений Лазарчук​ болды. Олар өңір басшысын жұмыс барысынан құлағдар етті.

Атап айтқанда,​ Сазды өзенінің Оңтүстік айналма көпірінен Елек өзеніне дейінгі аралығын кеңейту және бекіту жұмыстары жүргізілді. Бұл сол жердің шамамен 80 пайызын құрайды. 2020 жылы судың деңгейін ұстап тұру үшін төрт ұңғыма бұрғыланса, былтыр Ақтөбе қаласына қарай су жіберу үшін 1 шақырымнан аса жер қазылып, 3 мың м2 алаң қамыстан тазартылды. Аталмыш жұмыстар өзеннің Сәңкібай батыр даңғылынан К.Нокин көшесіне дейінгі арнасын толтыру үшін жүргізілді.

Облыс әкімі мәселені жан-жақты түсініп, судың ысырап болуын зерттеп, бір айдың ішінде жағалауларды қамыстан тазарту жұмыстарын бастауды тапсырды.

«Арна тартылып, жағымсыз иіс шықпас үшін оны сумен толтырудың барлық шараларын қабылдау қажет. Сараптама жүргізіп, қай жерде су барын, қай жерде алып тастайтын тіреу, заңсыз бөгеттер барын анықтау керек»,- деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттер қойды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close