Жаңалықтар

4 бала ауруханада: Қызылордада мектеп оқушысы бұрыш баллонын шашқан

Фото: ашық дереккөз

Қызылордадағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды Qandastar.kz. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 23 қыркүйекте болған. Салдарынан 4 бала зардап шекті. Олар Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында, тиісті ем – шараларын жасауда. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс жасап жатыр.

“23 қыркүйек күні Қызылорда қаласында орналасқан мектептердің бірінде оқушы қоңырау уақытында бұрыш баллонын шашқан. Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыларды эвакуациялап, 4 жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Анықталған жасөспірімнің заңды өкілдері және оқитын оқу орындарының қызметкерлері шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close