Жаңалықтар

4 миллион теңгеден 44 миллионға дейін: Әкімдіктер өңір логотипі бар өнімдерді алуға қанша теңге жұмсайды

Фото: Алматы әкімдігі

Қазақстанның бірнеше әкімдігі өңірдің логотипі бар брендтік киім немесе сувенирлер үшін жылына 4 миллион теңгеден 44 миллион теңгеге дейін жұмсауға дайын, деп жазды qandastar.kz

Олар имидждік өнімді алу үшін тендер ұсынады. Stan.kz тілшісі әр өңірдің әкімдігі брендтік өнімдер үшін қанша теңге бөлетінін және ол қалай жұмсалатынын анықтап көрді.

Алматы қаласы

Алматы туризм бюросы сувенир, брендтік өнімдер дайындау бойынша 44 миллион 642 мың теңге тендер ұсынды. Имидждік өнімдердің көпшілігі қалаға келген шетелдік туристер үшін жасалған. Барлық бұйым Алматы қаласының туристік беделін арттыруға және жергілікті өндірісті қолдауға бағытталады. Тендерді «TenderUp» компаниясы жеңді.

Бұл сомаға не кіреді:

  1. Ұлттық стильде пиала 818 дана;
  2. Алматы қаласының фотосымен постер 500 дана;
  3. Тематикалық шоппер 500 дана;
  4. Алматының суретімен магнит 1500 дана;
  5. Шапан 100 дана;
  6. Тақия 200 дана;
  7. Қала бейнеленген түйреуіштер 800 дана;
  8. Алматы фотосымен стикерпак 800 дана;
  9. Киізден жасалған кәдесый алма 300 дана;
  10. Кәдесый киіз үйі 300 дана;
  11. Хош иісті шам 250 дана;
  12. Салпыншақ әшекей 500 дана;
  13. Кәдесый карталар 1000 дана;
  14. Жібек орамал 500 дана;
  15. Чемодан чехолы 200 дана;
  16. Бояуға арналған суреттер кітабы 300 дана;
  17. Крафт тәттісі 1000 дана;
  18. Брендтелген кружка 850 дана;
  19. Power bank қалта қуаттағыш 400 дана;
  20. Футболка 850 дана;
  21. Капюшоны бар футболка 500 дана;
  22. Рюкзак кемпинг 500 дана;
  23. Қарлы шар кәдесыйы  500 дана.

Алматы әкімдігінің мәлімдеуінше, осы жоба арқылы жергілікті қолөнершілердің, суретшілер мен дизайнерлердің туындыларын шетелдік туристер арасында таратады екен. Кәдесыйлар шетелдік және ішкі туристерге  туристік ақпарат орталықтары, іс-шаралар және арнайы акцияларда беріледі, брендтік сауда көрмелерінде, байкауларда, промо-науқандарда ұсынылатынын айтады.

Астана қаласы

Astana Tourism туризмді дамыту орталығы имидждік өнімдерді медициналық бағытқа қарай дайындауды тапсырыпты. Осы үшін 5,3 миллион теңге ұсынылған. Мұны да «TenderUp» компаниясы жеңіп алған екен.

  1. Қалта санитайзері 750 дана;
  2. Гигиеналық далап 750 дана;
  3. Дәрі салғышы бар бөтелке 750 дана;
  4. Сөмке-шоппер 750 дана;

Астана әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл заттар қаланы медициналық туризм орталығы ретінде таныту мақсатында халықаралық және республикалық туристік әрі медициналық көрмелерде, имидждік іс-шараларда, шетелдік делегациялармен кездесулерде және ақпараттық-танымдық турлар барысында қолданылады.

Аталған өнімдерде med-tourism.kz сайтының QR-код арқылы сілтемесі орналастырылған. Бұл туристер мен шетелдік пациенттерге елорданың медициналық туризм әлеуеті жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Атырау облысы

Атырау облысының туризм басқармасының жанындағы «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 6 миллион 696 мың теңгеге тапсырыс берген. Тендерді “Аийша” жеке кәсіпкерлігі орындады.

Талаптары:

  1. Футболка 150 дана;
  2. Бейсболка 150 дана;
  3. Жейдесіз күртеше 20 дана;
  4. Рюкзак 100 дана;
  5. Шопер 100 дана;
  6. Кесе 100 дана;
  7. Күнделік 100 дана;
  8. Қалам 100 дана;
  9. Күнтізбе 100 дана;
  10. Блокнот 100 дана;
  11. Қағаз пакет 150 дана;
  12.  Power bank 100 дана;
  13. Термос 100 дана;
  14. Visit Atyrau туы 4 дана;
  15. Қазақстан туы 2 дана;
  16. Флешка 100 дана;
  17. Плед 100 дана;

Ақмола облысы

Ал Ақмола облысының туризм басқармасының жанындағы «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі имидждік өнімдер үшін 5 миллион теңге бөлген. Бұл жерде жеткізуші “Нурай” жеке кәсіпкерлігі болды.

Тендер талаптары:

  1. Футболка 100 дана;
  2. Қысқа жеңді поло 100 дана;
  3. Ұзын жеңді поло 100 дана;
  4. Худи 100 дана;
  5. Дөңгелек мойын футболка 100 дана;
  6. Желқорғағыш 100 дана;
  7. Кеудеше 100 дана;
  8. Панама 100 дана;
  9. Жұмыс футболкалары 100 дана;
  10. Төсбелгі 100 дана;
  11. Ылғалдан қорғайтын костюм 100 дана;
  12. Логотипі бар спорттық су бөтелкесі 100 дана;
  13. Термо-кружка 100 дана;
  14. Сөмке 100 дана;
  15. Қолшатыр 100 дана;
  16. Белдік сөмке 100 дана;
  17. Логотипі бар жапсырмалар 100 дана;
  18. Дәптер мен қалам 100 дана;

Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі 4 миллион 464 мың теңгеге имидждік өнімдер дайындауға бөлді. Shanti компаниясы бұл өнімдерді жеткізумен айналысты.

Тендер бойынша талаптар:

  1. Қалпақ 171 дана;
  2. Футболка 170 дана;
  3. Бас киім 135 дана;
  4. Жемпір  135 дана;
  5. Шарф 135 дана;
  6. Қолғап 171 дана;
  7. Блокнот 171 дана;
  8. Пакет 171 дана;
  9. Күнтізбе 171 дана;
  10. Шыныаяқ 171 дана;
  11. Кәдесый 172 дана.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 7 миллион 142 мың теңгеге тендер жариялаған. Тендерді Ocean жеке кәсіпкерлігі жеңіп шықты.

ұлытау

Алу керек нәрселер:

  1. Қысқа жең поло 80 дана;
  2. Power bank қалта қуаттағыш 80 дана;
  3. Жылы кеудеше 80 дана;
  4. Свитшот 40 дана;
  5. Капюшоны бар свитшот 40 дана;
  6. Вакуумды термос 80 дана;
  7. Шоппер 80 дана;
  8. Логотипі бар бейсболка 80 дана;
  9. Логотипі бар қалам 80 дана;
  10. Флешка 8 гб-дан кем емес 80 дана;
  11. Күнделік 80 дана.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close