Жаңалықтар

Шығын мөлшері – 1 млрд теңге: Сирия мен Қазақстан азаматтары ұсталды

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7 адамды ұстады. Полицияға жеткізілгендердің 4-еуі – Қазақстан азаматы, ал қалған үшеуі – елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары. «Тінту барысында полиция олардан 382 ақбөкен мүйізін, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі», – делінген хабарда. Браконьерлік факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close