Қазақстанның Бас прокуратурасы жаңа киберқауіптердің анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Енді мұндай қауіптерді талдау және тергеу арнайы құрылған жаңа бөлімшенің құзырында болады.
Осы мақсатта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құрамында қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы іске қосылды. 2026 жылғы 18 сәуірден бастап бұл органға мемлекеттік мекемелерге арналған ұсынымдар әзірлеуді қамтитын болжамдық-талдамалық міндеттер жүктеледі.
Орталық жүргізген талдау алаяқтардың көбіне мессенджерлерді, әсіресе WhatsApp-ты қолданатынын көрсетті. Бұл қылмыстық әрекеттердің дәстүрлі байланыс арналарының шегінен шығып жатқанын аңғартады.
Сонымен қатар 18 түрлі жаңа киберқауіп анықталған. Олардың қатарында шетелден әрекет ететін алаяқтардың SMS-бластер құрылғыларын қолдануы, фишингтік шабуылдар, дипфейк технологиялары, нөмірді алмастыру және тіркелмеген SIM-карталарды пайдалану тәсілдері бар.
Айта кетейік, 2026 жылғы 4 сәуірде Қазақстанда алғаш рет SMS-бластерді қолдану дерегі тіркелген. Бұл құқық қорғау органдарының киберқылмыстың жаңа түрлерін дер кезінде анықтап, алдын алуға қабілетті екенін көрсетеді.