Жаңалықтар

Ермек Сағымбаев елімізде қандай теракттің алды алынғанын айтты

Фото пресс-службы КНБ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев кәсіби мереке қарсаңында ҚазАқпарат агенттігіне сұхбат берген болатын. Мұнда ол елімізде қандай терактілердің алдын алынғанын айтып, қазақстандықтарға қатысты деректердің тарап кетуіне қатысты  пікір білдірді. qandastar.kz Сағымбаев көтерген мәселелерді талдап көрді.

Комитет төрағасының айтуынша, биыл лаңкестік қылмыс жасағаны үшін 32 адам сотталып, 23-і ұсталды, 170 діни радикалға елге кіруге тыйым салынды.

Сонымен қатар Ақтауда алғашқы лаңкестік әрекеттің жолы кесілген.

«Қала тұрғындарының бірі радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде көзге түсті. Ол кісі өлтіргені үшін сотталған екен. Ғаламтордағы шетелдік содырлардың үгіт-насихатының әсерінен мемлекеттік органдардың бірінің ғимаратында жарылыс жасамақ болған.

Жарылғыш құрылғыны жасауға арналған компоненттерді, соның ішінде жанғыш және басқа химиялық қоспаларды сатып алған. Үйін тінту барысында жарылғыш заттар салынған төрт контейнер және лаңкестік әрекетке дайындық фактісін дәлелдейтін басқа да айғақтар табылып, тәркіленді. Бұған қоса шетелде де екінші лаңкестік әрекетке тосқауыл қойылды», – деді Е.Сағымбаев.

Комитет төрағасы киберқауіпсіздікке қатысты не дейді?

«Қазақстанда «Киберщит» жүйесі 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Соңғы бір жылда интернеттің қазақстандық сегментіне 220 миллионнан астам желілік шабуыл жасалып, оған тойтарыс берілген деген дерек бар.

«Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің таралып кетуіне қатысты жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді», – дейді ол.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдарды экономикадағы проблемалар туралы хабардар етеді. Соның әсерінен биылғы жылы 1 триллион теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік болған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close