Жаңалықтар

Енді шылым шексеңіз 126 мың теңге айыппұл төлейсіз

Бұдан былай Қазақстан аумағында ұшып-қонып жүрген әуеборттарда темекі шексеңіз 126 250 теңге айыппұл төлейтін боласыз. Бұл туралы «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы сәуір айында ел Президенті Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің «Темекі өнімдері мен электронды темекіні жеке қоғам орындарда тұтынуға тыйымды бұзу» 441 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Түзетулерге сәйкес Қазақстанда ұшақ бортында шылым шеккені үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК құрады, яғни 126 250 теңге. 2015 жылы бұл 3 АЕК (5 946 теңге) құраған. Жаңа ережелер бойынша 2019 жылғы мамырдан бастап 26 жолаушыға шылым шеккені үшін айыппұл салынған. 2018 жылы 2015 жылмен салыстырғанда «Эйр Астана» бортында темекі шеккен жолаушылардың саны 123 оқиғадан 166-қа дейін өсіп, 34% құрады. Тәртіпті бұзғандардың басым бөлігі Алматы мен Ыстамбұл, Алматы мен Мәскеу және Алматы мен Киев арасындағы рейстердің жолаушылары. Осыған орай «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақ ішінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді. Ұшу қауіпсіздігі – отандық компанияның ең басты құндылығы. Ұшақ бортында ережелерді бұзған жолаушы барған елдің заңына сәйкес шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Басқа мемлекеттердің заңында әуе кемесінің бортында шылым шегу мол мөлшердегі айыппұлмен жазаланады. Мысалы, Ұлыбританияда ұшақ бортында шылым шеккендерге 2500 фунт айыппұл қарастырылса, Жапонияда айыппұл 500 мың иен құрайды (шамамен 4,8 мың АҚШ доллары).

Дереккөз: https://aikyn.kz/economy/aviation/6164-26-myng-tengge-ayyppul-toeleys%D1%96z/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close