Жаңалықтар
Алматы полициясы елімізде заңсыз жүрген 177 шетелдікті ұстады
Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға арналған «Заңсыз келімсек-2019» жалпыұлттық жедел алдын алу шарасы басталды.
Алматыда жедел алдын алу шарасы басталды. Акция мегаполисте заңсыз жүрген адамдарды анықтауға және заңсыз көші-қон арналарын тоқтатуға бағытталған. Іздестіру жұмыстары 9 қыркүйектен 12 қыркүйекке дейін жалғасады.
«Рейдтің алғашқы күнінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 235 адам анықталып, жауапқа тартылды. Оның 177-сі – шетел азаматтары. 46 адамның елде жүріп-тұру мерзімі қысқартылды. 54 азамат сот шешімімен елден шығарылды. Қабылдау және тарату орталығына құжаты жоқ 64 шетелдік орналастырылды. Шетелдіктердің Қазақстанда жүріп-тұру заңдылығын қамтамасыз етпегені үшін 46 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін жауап береді», – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің бастығы Асхат Бутунчинов.
Дереккөз: inform.kz