Әлем жаңалықтары
БҰҰ Ресей мен Украинаға үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз
БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик Путинның мәлімдемесінен кейін, Украина мен Ресейді қақтығысты деэскалациялауға шақырды. Ұйым өкілі Ресейдің «Орешник» атты жаңа баллистикалық зымыранын ұшыруын «тағы бір үрей тудыратын және арандататын оқиға» деп атады, деп жазады qandastar.kz
«Жағдай дұрыс емес бағытта өрбіп барады. Біз барлық тараптың жағдайды деэскалациялау үшін шұғыл шаралар қабылдағанын қалаймыз. Біз бұл қақтығыстың Бас Ассамблея қарарларына, халықаралық құқыққа және аумақтық тұтастыққа сәйкес аяқталғанын қалаймыз», – деді Дюжаррик.