Әлем жаңалықтары

Трамп ТГИЛ серкесін ұстауға атсалысқан итті марапаттады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі салтанатты қабылдау іс-шарасы барысында қызметтік иттің ерлігін елеп, оған медаль мен грамота табыс етті.

Айта кетейік, қарғыбаулы жануар «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының басшысын қолға түсіру кезінде жасаққа көмектесті.

«Конан – қазіргі уақытта әлемдегі ең танымал ит, өйткені оның оқиғасы теңдесіз», – деп атап өтті Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, арнайы операция жүргізілген уақытта Абу Бакра әл-Бағдади үйінің астындағы туннельге жасырынбақ болған. Террорист жанкешті белбеуін қолдануы мүмкін екенін ойлаған әскерилер артынан итті жіберді. Алайда қылмыскер жарылғыш затты іске қосып, жерасты үңгірі Конанды басып қалған.

Еске сала кетейік, өткен айдың соңында атышулы лаңкестік ұйымның серкесі АҚШ-тың арнайы операциясы кезінде өлтірілген болатын. Көп кешікпей бұл ақпаратты Дональд Трамп растады.

Содырлар болса жетекшілерінің қаза тапқанын мойындап, оның өлімі үшін АҚШ-тан кек алатындарын мәлімдеді. Ізін ала Түркия билігі  террористік ұйымға мүше деген күдікпен әл-Бағдадидің әпкесін ұстады.

Дереккөз: https://24.kz/

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close