Жаңалықтар

Заңгер кеңесі

Сәлеметсіздер ме?

Cайт арқылы жазбаша түрде сұрақтар қойып, заңгер жауабын ала аласыз. Сұрағыңызды төмендегі пікір жазу формасына жазыңыз

Осы айдарда

17 пікір

  1. Саламатсызба!

    Менин есимим Абдурахман.Туркияда туып оскен казак баласымын.Жогары окуымды Казакстанда алдым.Ари карай Казакстанда каламын деп шешим кабылдадым.Азаматтык алу ушин кужаттарымды жинастырып (сонын ишинде Оралман куалиги де бар) Алматы каласы Кошкин полициясына (карасай батыр-Байтурсынов)тапсырдым.Бирак маган отказ деген жауап ауызша айтылды.Себеби айтылганда жок ешкандай ресми кужатта берилмеди.кошкин полициясындагы кызметкерлер маган келме енди 1 жылдан кейин тагы тапсырасын деп жатыр.Занга сайкес арбир казак баласы оралман куалигимен бирге азаматтык алуга тиисти ал мен иктиярхаттыда алалмадым.Неге осылай болды? Маган комектесунизди сураймын.
    87027052810

    1. Құрметті Абдурахман!

      «Қандастар» сайтының тілшілері мен “КЕШ” құқық қорғау орталығы бірлесе отырып, сіздің мәселеңізге толықтай араласуға және неліктен сізге құжаттық қиыншылықтар мен қатар, конститутциялық құқықтарыңызды таптап отырғанын анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін сіз 8 778 808 77 08 жедел желі телефонына хабарласу немемсе бізге жазбаша шағымдану арқылы біздің көмегімізге жүгіне аласыз. Ал, жазбаңызда аталған көш-қон полициясының: “бізге енді бір жыл келме” – деуі заңсыз әрекет болып табылады.

  2. Сәламатсыз ба!
    Менің аты-жөнім Хизат Өмірбек. Мен 2016 жылы Атырау облысына 8-айдың 16-күні Моңғолияның Баян Өлгей аймағынан көшіп келдім. Менің сұрайын дегенім:
    1) Мен мемлекеттен ешқандай көмек алмадым
    2) 2 жыл болды азаматтық әлі берілген жоқ
    3) Менімен бір уақытта Көкшетау қаласына көшіп келген туысқандарым 1 жыл ішінде мемлекеттен берілетін барлық жеңілдіктерді және ҚР азаматтығын алды, маған 5 жылсыз азаматтық берілмейді деп ауызша айтты. Оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткен деді. Маған қолыма “Азаматтығы жоқ адамның куәлігі” деген құжатты берді. Азаматтық алу мәселесін шешіп беріп, көмектессеңіздер. +7 775 546 06 37.

    1. Құрметті Хизат Өмірбек!

      Сіздің мәселеңізге төмендегідей жауап беремін. Аталған бірінші сауалыңызға байланысты ҚР кейбір заңнамалық актілеріне «Еңбек және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу» туралы 2013 жылдың 10 желтоқсанында қабылдаған ҚР заңына сәйкес «оралмандардың көшіп келу квотасы мен қаржылай көмек көрсету нормалары» алынып тасталғанын мәлімдеймін. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №248 “Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы” қаулысына сәйкес, еліміздің 7 өңіріне көшіп барған оралмандарға төлем қабілетін көрсетпей-ақ, ыхтияр хат және тұрақты тұруға рұқсат алуға болады. Сол арқылы, мемлекеттен әлеуметтік жәрдем ақы ала аласыз. Аталған аймақтарға – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан Павлодар, Қостанай Солтүстік Қазақстан сынды бір қатар облыстар кіреді.

      Азаматтық алу туралы құжаттарыңыз бойынша жергілікті органға, яғни құжат тапсырған көш-қон полициясының басшысына арыздану арқылы «Сізге неліктен азаматтық беруден бас тартқаны туралы» себеп-салдарын білуге болады. Ол үшін – жергілікті көші-қон полициясына құжаттарды тапсырған күннің мерзімі көрсетілген арыз жазасыз. Жазған шағымыңызда осы уақытқа дейін заң талаптары бойынша құжаттарды толық тапсырғандығыңыз дәлелдейтін фактілерді

      атап көрсетуіңіз керек. Сонда ғана «ҚР азаматтығына қабылдаудан бас тарту» себебі көрсетілген жазабаша жауап алуға құқылысыз.

  3. Мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудан Бәйдібек би ауылының тұрғыны боламын. Нұрсапа Іңкәр 1988 жылы ҚХР Шыңжаң өлкесіне келдім. Қазірде оралман куәлігін бермеуге байланысты менде тек ықтиярхат қана бар. Мерзімі 07.09.2018жылдан 26.03.2024 жылға дейін, ал әйелім Нұрғали Мәуленің (04. 05. 1985 жылы туған) 07.09.2018 жылдан 25. 03.2024 жылға дейін ықтиярхат бар. Екі қызымыз бар, екеуі де кішкентай кәмілет жасына толмағандықтан анасының атына тіркелген. Ал оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткен. Жаңа заңға қатысты куәлік ала алмаймыз. Біздің сұрағымыз келгені Қазақстанға келгендіктен тезірек азаматтық берсе екен. Екі баламыз Қазақстан азаматы болып ержетсе деген тілегіміз бар.

    1. Құрметті Нұрсапа Іңкәр!

      Сіздің мәселеңіз бойынша келесідей жауап беремін. Өкінішке орай, сіздің сауалыңызда «Оралман» күәлігіңіздің берілген мерзімі мен аяқталған мерзімі көрсетілмепті. Негізі “2013 жылдары берілген куәліктің мерзімі 7 жылға дейін жарамдылығы сақталады” делінген болса, заңға енгізілген өзгерістер бойынша оралман куәлігінің мерзімі, бір рет үш ай мерзімге дейін ғана ұзартылады. Алайда, куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанына алты айдан асқан азаматтар мен азаматшаларға бұл ереже қолданылмайтынын атап көрсеткім келеді. Бұдан тыс, біздің жобамыз Алматы қаласын ғана қамтитындықтан,

      облыс деңгейіндегі мәселелерге араласуға мүмкіндігіміз жоқ екенін де ескертемін.

  4. Біз Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылынан боламыз. Айболат Тоқтабек (04.01.1988 ж туған) Төлеубай Қайрат (25.09.1989 жылы туған) Оралман куәлігіміздің уақыты өтіп кетті. Ықтиярхат мерзімі 2024 жылға дейін, ал отбасымыз азаматтық алып алды. Көш-қонға күнде барамыз, ықтиярхаттың мерзімі бітпей азаматтық алсақ деп арызданбаған жеріміз жоқ.

    1. Құрметті Айболат және Қайрат! сіздерге де дәл жоғарыдағы Нұрсапа Іңкәрдің жауабындай жауап беріледі. Өкінішке орай облыстық деңгейдегі жауап біздің құзіретімізге кірмейді.

  5. Мен Райымбек Гүлзина (28. 11. 2016жыл -17.06.2024жыл) ыхтияр хатымының уақыты берілген болатын. Ораламан куәлігімнің уақыты өтіп кетті. ҚР жаңа шыққан заңына сәйкес 2016 жылы берілген бір жыл ішінде ғана азаматтық алуға мүмкіндік бар болатын. Бірақ тіршілік түйткілдерімен дер кезінде ала алмадым. Қазір тек ыхтиярхат бар. Мен сияқты 150 ге жуық адамды білемін. Бізге қандай көмек көрсете аласыздар? 87004792005

  6. Ескерту: Әріпқожа
  7. Менің есімім Абдрасул Әріпқожа.
    ҚХР да өмірге келдім. Қазақстанға келіп 2004 жылы келіп, 2012 жылы азаматтық алдым. Қытай да жүргенде тегім жазылмай қалған еді. Себебі тек қана атын жазып нөмірлеп қоя салатын. Азаматтыққа тапсырғанда атымды ғана жаздырды, заң солай деп. Кейін ҚР азаматығын алғанда “тегі” деп тұрған жерде есімім Әріпқожаның ғана аты тұрды. Менің сіздерден көмек сұрайтыным: Тегім Абдрасулды қайтарып алсам деп жүрмін. ХҚО “Туу туралы куәлігіңді алып кел” деген соң, Қытайға барып анықтап тұрып тегімнің Абдрасул екендігін дәлелдеп келдім. Қағазы бар, енді маған сотқа барыңыз дейді. Сотқа барсам адвокат жалдаңыз дейді. Тегім жазылмағандықтан да мені көп жер жұмысқа алудан бас тартады, адвокат жалдауға жағдайым көтермейді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынан хабарласып тұрмын.

  8. коши кон полициясына сауал монголия Баян Олгииден кыдырып келген туган иним казакстан азаматы болып калгысы келеди. озинин улты казак аиелимен кызынын улты монгол занды неке куалиги бар осы жагдаида казакстан азаматтыгын калаи алуга болады жане кандаи талаптар болады Монголияга бармаиак казакстанда шешуге болама жане квота жагы калаи шешиледи. келген тиркеу кагазы 3 аидан неше рет созуга болады.

  9. Мен Қарақалпақстан яғни Өзбекстан азаматшасымын. Отбасында әкем екеуіміз ғана әлі осы елдің азаматымыз ал қалғандары анам үш бауырым ҚР азаматығын алды. 2005-2006 жылдары сол елдің тіркеуінен шығып келдік анам екеуіміз. Қазақстанға келген соң анам тіркелді, ол кезде мен кәмілетке толмаған едім. Анамма мені “қызы” деп жазуды ескертпеген, мен солай анама тіркелмей қалдым, мектепті ҚР оқыдым. Кейін мен мектепті аяқтағанда барып менің анама тіркелмеуімнің кесірінен құжат ала алмадым. Ташкентке қанша запрос жібердім бірақ жауап жоқ. Ата-анамның загске тұрған құжаттары бар. Мен ҚР кішкентай кезімнен келдім, бірақ бір ғана “қызы” деп жазылмаған сөзден осындай қиыншылық көріп отырмын. Өтініш әкем екеуімізге қандай көмек көрсете аласыздар. Шымкент қаласынан хабарласып тұрмын.
    8747 632 93 40

  10. Менің пропискам Жамбыл обл Тараз қаласында сол жерден оралман куәлік алдым. Бірақ тіркеуімді Алматы обл немесе Алматы қаласына ауыстырып барып азаматтыққа тапсырайын деген едім. Соған мына Тараздан алған куәлік жарайды ма?, егер Алматы обл барсам қайта оралман куәлік ала аламын ба?
    8747 438 30 82

    1. Сәлеметсіз бе!
      Сіз екі рет оралман мәртебесін ала алмайсыз. Куәліктің уақыты өткеніне алты айдан аспаған жағдайда бір рет үш айға ұзарта аласыз. Жоба жетекшісі – Құрметолла. Тел/ватсап: +77052229300 толық жазыңыз. Жеке мәліметтеріңіз керек.

  11. Саламатсыздар ма ! Мендегі мәселе , досым шелектен азаматтыққа тапсырған, 11ші айда , қазірге дейін “шешім шықты қорытынды шықпай жатыр”-, дейді, 10 ай болды. Не үшін олай екен, шешім мен қорытындының не айырмашылығы бар , айтып беріңіздерші.
    8702 149 78 03

Пікір үстеу

Close