Жаңалықтар

«Алматы әкімдігі құрылысы тоқтап тұрған метроны салуға 450 миллиард теңге сұратып отыр»

 

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев желіде Алматыдағы жаңадан салынып жатқан метро станцияларының құрылысын сынға алды. Айтуынша, құрылыс жұмысынан билік ақша жымқыру үшін қу схема құрған. 

Боқаев Момышұлы станциясынан Қалқаманға дейін жоспарланған жер асты жолы құрылысы 2020 жылы басталған екен. Алайда құрылыс әлі жарты жолға жетпеген. 

“Былтыр метро салуда ешқандай тәжірибесі жоқ “Bazis Constuction” ЖШС осы жұмысты мойнына алған еді. Ал қазір жұмыс осы жерде тоқтап тұр. Бұл құрылыс 2020 жылы басталған. Төрт жыл өтті ал олар әлі тіпті жолдың жартысына жеткен жоқ. Мұндай қарқынмен олар мына станцияның әлі бірнеше жыл салады”, – деді Боқаев. 

Боқаевтың сөзінше, қала әкімі Досаев мұнда келіп, жер астына түсіп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын тексерудің орнына үндемей, ешқандай шара қолданбай отыр. 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close