Жаңалықтар

ТАСҚЫННАН КЕЙІН КЕЙ АУЫЛДАР ТЫҢ ЖЕРЛЕРГЕ ҚОНЫСТАНАДЫ

Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Оларға жол салынып, су тартылады. Тиісінше елді мекендер мүлде жаңа келбетке ие болмақ. Президент үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатынын назарға ала отырып, осылай деді. Сондай-ақ алапат тасқын елге оң әсерін тигізеді деп ойлайтынын айтты. Одан бөлек, Мемлекет басшысы өзінің басты міндетін де атап өтті. Бұл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғау. Ал бұл қастерлі міндет Әділетті Қазақстанды құру және белсенді әрі сындарлы сыртқы саясат жүргізу арқылы ғана орындалады. «Биік мақсатқа жету үшін түрлі кедергіден өтеміз, барлық қиындықты жеңеміз. Ауқымды міндеттерді орындаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close