Жаңалықтар

Қандас мәртебесін қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы аумағына өз бетімен келген этникалық қазақтар қандас мәртебесін алу үшін өтінішті Мемлекеттік корпорацияға бере алады. Өтініш беруші  мынадай құжаттарды беруге тиіс:

  • өтініш;
  • өмірбаян (еркін нысанда);
  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
  • өтініш берушінің қандас мәртебесін беру немесе ұзарту Қағидалары 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Қандас мәртебесін беру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне қандас мәртебесін беру туралы шешімді өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде қабылдайды, қандас куәлігін береді не  қандас мәртебесін беруден дәлелді түрде бас тартады.

Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Шешкеннен кейін жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беру туралы ақпаратты және қандас куәлігін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Нәтижелерін алғаннан кейін Мемлекеттік корпорация қандас куәлігін береді не қандас мәртебесін беруден бас тартылғаны туралы хабарлайды.

Жергілікті атқарушы орган:

1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидалардың 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес келмеген;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) Қағидалардың 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес келмеген;

3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде қандас мәртебесін беруден бас тартады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар қандас мәртебесін алуға өтінішті Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • өмірбаян (еркін нысанда);
  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары);
  • өтініш берушінің қандас мәртебесін беру немесе ұзарту Қағидалары 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері өтініш берушіге осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алу туралы оның өтінішін кіріс хат-хабар ретінде тіркеу туралы жазбаша хабарлама береді және өтініш пен құжаттарды Заңның 20-бабына сәйкес шешім қабылдау үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісу туралы не себептері дәлелді түрде негізделген бас тарту туралы шешімін өтініш берушіге жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне жібереді.

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жергілікті атқарушы органның қандас мәртебесін беруге келісімін алғаннан кейін бір ай ішінде оны өтініш берушіге жібереді не бас тарту туралы хабарлайды.

Қандас мәртебесін алуға жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш беруші және оның отбасы мүшелері (бар болса) қандас мәртебесін алу үшін тұрғылықты жеріне келгеннен кейін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға жүгінеді.

Бейімделу және интеграциялық қызметтерін көрсету үшін қандастардың бейімделу және интеграция орталықтары құрылып жатыр.

Орталықта уақытша негізде тұру үшін қандастар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері тегін орналастырылады. Орталықта жедел қандастардың қоғамға бейімделуі мен интеграциясына бағытталған жағдай жасалуда. қандастардың бейімделу және интеграция орталықтарында қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің тұру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға бейімделу және интеграциялық қызметтерін көрсету тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

Қызметтік немесе жеке тұрғын үй болмаған жағдайда, қандастар қандастардың бейімделу және интеграция орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан артық емес мерзімге уақытша тіркеле алады.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close