Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Украина мен АҚШ ресурстар бойынша келісімге келді

Фото: ашық дереккөз
Украина мен АҚШ ресурстар бойынша келісімге келді, деп жазды qandastar.kz
Financial Times жазуынша, келісімде мұнай мен газды қоса алғанда, минералды ресурстарды бірлесіп игеруге қатысты тармақтар қамтылған. Құжатқа 28 ақпанда қол қойылуы мүмкін. Келісімге сәйкес, АҚШ пен Украина инвестициялық қор құрады.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, екі ел ұйымды бірлесіп басқарады. Бірақ АҚШ өз заңнамасы шеңберінде шешімдер қабылдау құқығына ие болмақ. Вашингтон коммерциялық қорды 100% басқарады деген бап алынып тасталды. Жаңа нұсқада АҚШ тек өз заңнамасына сәйкес қордағы белгіленген қаржылық үлесті иеленетіні айтылған.