Жаңалықтар

Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады

«Отандастар Қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) шетелде тұратын қазақтарға арналған қазақ тілін курстарын ұйымдастырады. Осылайша, ана тіліміздің шетелде кеңінен насихатталып, қазақ диаспорасы өкілдерінің туған тілімізді ұмыт қалдырмауына жағдай жасайды.

«ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ» жобасы Қоғам бастамасымен                     2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қоғам 2020 жылы 333 онлайн сабақ өткізсе, 2021 жылы 780 онлайн сабақ ұйымдастырды. Бүгінде курсқа жалпы 2554 отандасымыз тіркеліп, оның 1000-ға жуығы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.

Қазақ тілі сабақтары – орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде оқытылады.

Курс ТЕГІН.

Деңгей: А1, А2, В1, В2

Курсқа тіркелу ақпан айына дейін жалғасады. Толық ақпаратты

( https://t.me/otandastar_qory ) онлайн қазақ тілі курсының Telegram арнасынан немесе +7 778 552 8116 (WhatsApp/Telegram) нөмірі арқылы білуге болады.

 * Курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, деңгейлік тестті тапсыру керек.

Қазақ тілін орыс тілінде үйренушілерге арналған тест:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSegJkglQ3GYs28YTACxIas1x56EWDGR1l47CwgYnpQW3CaqIg/viewform

Қазақ тілін ағылшын тілінде үйренушілерге арналған тест:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_FOzBxeGEf8t8feXORK0lXsThRBxEXffaSrWvTwufcs2J4w/viewform

Қазақ тілін түрік тілінде үйренушілерге арналған тест:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdCpatG_VqmFcWuyTDexGI9Np6vlMdBSEsVOI_GWPAwtvsRjA/viewform

Қазақ тілін парсы тілінде үйренушілерге арналған тест:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSJtJCgyc2cuKISX-7o25Eey-9rdrR1nRpbNreAdJjAxYDtg/viewform

ҚОСЫМША:

Сонымен қатар биыл шетелде тұратын отандастарымызға арналған қазақ тілінен А1, А2 деңгейіндегі электронды əмбебап оқулықтары әзірленді.

Кітаптар орыс, ағылшын жəне түрік тілдеріне аударылу үстінде.                     Сондай-ақ, қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Абай институты»                                           (https://abai.institute/)  порталы мен мобилді қосымшасы                                                                 (https://play.google.com/store/apps/details?id=abai.institute) іске қосылды.

Сілтемелер:

https://www.oq.gov.kz/

Instagram (@otandastar_qory)

https://www.instagram.com/otandastar_qory/

Facebook (Отандастар қоры)

https://www.facebook.com/OtandastarQory/

YouTube (Otandastar channel)

https://www.youtube.com/channel/UCuKN7IPPq7fGjKWz9MjaYYA

Қосымша ақпарат үшін:

Баспасөз қызметі: +7-708-631-17-96 (Нұрымжан Қасымұлы)

 

 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close