Әлем жаңалықтары

Виктор Янукович 15 жылға сотталды

Фото:Global look press

Украина соты экс-президент Виктор Януковичті 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды qandastar.kz

Алайда, үкім сырттай қабылданды. Киевтің Подольск аудандық соты Януковичті «әскери қызметкерлерді қашуға үгіттеді» және «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды» деген айыптаулар бойынша кінәлі деп тапты. Бұл мәліметті Украина бас прокуратурасының кеңсесі таратты. Айта кетсек, 2019 жылы Украина соты Януковичті мемлекетке опасыздық жасау және агрессивті соғыс жүргізуге көмектесу ісі бойынша 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Виктор Янукович 2010-2014 жылдары аралығында Украина президенті болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close