Жаңалықтар
Кене қаптады: Алғашқы энцефалит фактісі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында кене қаптады. Бір жарым ай ішінде дәрігерге 400-ден астам адам жүгінген, олардың жүзден астамы — балалар мен жасөспірімдер. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп, деп хабарлайды qandastar.kz.
Кенелердің қаптауы күннің ерте жылуымен байланысты. Паразиттердің маусымдық белсенділігінің бұлай күшеюі — осы жыл мезгіліне тән құбылыс. Ауаның жоғары температурасы қыстағы ұйқыдан кейін жәндіктердің тезірек оянуына себеп болады.
«Мамыр айында кенелердің агрессивті мінез-құлқы — қалыпты жағдай. Табиғат аясында серуендеген кезде аса сақ болу қажет», — деп ескертеді эпидемиологтар.
Өңір билігі алдын алу шараларын бастап кетті. Қауіп жоғары аймақтарда кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ халықты вакцинациялау басталды. Соңғы деректерге сәйкес, профилактикалық екпені шамамен 600 адам алған.
Алайда алдын алу шараларына қарамастан, жұқтырған жағдайларды толық болдырмау мүмкін болмады. Өңірде ауыр дертке шалдығу оқиғалары тіркелді.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бес адамға «кене энцефалиті» диагнозы қойылып, олар ауруханаға жатқызылған. Оның үшеуі Петропавлда, екеуі Қызылжар ауданында тіркелді. Науқастардың жағдайы тұрақты, қайтыс болғандар жоқ.