Әлеумет және қоғам

«Орыстар әлдеқайда ақылдырақ, оларсыз өмір сүру қиын» – Марғұлан Тұрсынов

Фото: инстаграм

Белгілі БАҚ-тың негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтты, деп хабарлайды  qandastar.kz   Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ZTB медиасының негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов соңғы уақытта елде орыстарға қатысты ұлтшылдық күшейіп жатқанын айтып, оларға деген ерекше ықыласын білдірді.

 

«Мен көп мәселе бойынша соларға жүгінемін: техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия… Себебі олар әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты және тұрақты деп есептеймін. Ашығын айтсам, оларсыз күнделікті тұрмысымда маған өте қиын болады» деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Тұрсынов қай ұлтпен салыстырғанда орыс ұлтының бәсі жоғары болып тұрғанын ашық айтпады.

Алайда арада көп өтпей, Тұрсынов сол жазбасын өшірді. Кейін ол өзінің ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады.

«Мен өз халқымның патриотымын. Айтайын дегенім, біз әлеуметтік өмірде орыстардан үйренетін дүниелер аз емес. Ұлтаралық араздықты қоздырмай, керісінше, әр азаматты сыйлай білейік» деп түзеді ол кейінгі жазбасындағы ойын.

Бір сағаттан кейін Тұрсынов тағы бір жазба жазып, қазақтардың шап беріп, өсек аянға кірісетіндерін атап көрсетті. Сондай-ақ, журналист соқыр патриоттықты қойып, өзімізге баға беруді үйрену керектігін айтты.

«Біз сондай іскер болсақ, неге үйімізді өзбектерге салғызамыз, көлігімізді орыстарға жөндетеміз, инфрақұрылымды қытайларға тәуелді етеміз? Абай атамыздың өзі қазақтың кемшілігін айтқан, біз неге өзімізді сыннан жоғары қоямыз?» деп жазды ол.

Марғұлан Тұрсыновтың орыстар жайлы жазған пікірі заң аясында тексерілуі мүмкін. Бұл туралы белгілі PR-маманы Айбар Олжай мәлімдеді.

Олжайдың айтуынша, Тұрсыновтың «олар әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты және тұрақты» деген ойы — бір ұлтты екінші ұлттан жоғары қою болып саналады және бұл Гитлердің «арийлік нәсілдің үстемдігі» туралы фашистік идеологиясымен ұқсас.

«Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын — ұлтаралық араздықты қоздыру бабын — бұзуы мүмкін. Осыған байланысты мен Бас прокуратураға тиісті мәліметтерді тіркеп, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды» деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Өзбекстандық тарихшы қазақтардың «өз мемлекеті ешқашан болмаған» деп мәлімдеген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close