NEET жастары

Жастарға әлеуметтік кеңес көрсетілді

Әлеуметтанушы Құрмантай Шерхан "Қоғамдағы жұмыссыз жастардың орны" тақырыбында әлеуметтік кеңес әрі мотивациялық онлайн-тренинг өтті.  Әлеуметтану мамандығын бітірген жас маман, бүгінгі таңдағы маңызды тақырыптарды қозғап, жалынды сөздерімен жастарға жігер сыйлады.

Аталған іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының тапсыры аясында, “Адырна” және “Ақ тілек” қоғамдық қорының серіктестігінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға жұмыссыз жастар, бітіруші студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандық дизайн саласы және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close