Әлеумет және қоғам

Белгілі кәсіпкер 30 отбасыға балалы болу мүмкіндігін сыйлады

«Алмасбек Батыр» лақап атымен танымал белгілі кәсіпкер Алмасбек Батыров @ecomed.almaty клиникасымен бірлесіп, ерекше қайырымдылық бастамасын қолға алды. Олар «30 жаңа өмір» атты әлеуметтік бағдарламаны іске қосып, 30 отбасыға экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) рәсімін сыйлауды бастап кетті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде 5 отбасы ЭКО-ға жолдама алды. Солардың бірі – Ақтау қаласының тұрғыны, Оралбайқызы Күмісай. Алты ай бұрын маңғыстаулық бұл отбасы үш бірдей перзентінен айырылып, ауыр қасіретті бастан өткерген еді. Балалар тұрмыстық газдан улану салдарынан көз жұмған. Осы жағдайдан кейін ата-ана үшін қайтадан ата-ана болу арманы үмітке айналды.

– Біз «Экомед» клиникасымен бірігіп, 30 отбасына қуаныш сыйлауды мақсат еттік. Бұл – тек ЭКО жолдамасы ғана емес, әр отбасы үшін жаңа өмірдің бастауы, – деді кәсіпкер Алмасбек Батыр.

Бұл игі бастама еліміздегі бедеулікпен күресіп жүрген көптеген отбасыларға үміт сыйлап, жаңа өмірге жол ашары сөзсіз.

Back to top button