Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылдық округінде тышқандар көбейген, деп хабарлайды «Qandastar» порталы облыстық білім беру басқармасына сілтеме жасап.
Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу және балалардың денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар алдын алу шаралары қабылданды.
Атап айтқанда, Бейбарыс ауылдық округіндегі екі мектеп 19-қарашадан бастап уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды.
Олар: Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп және Талдыкөл орта мектебі.
Сондай-ақ дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін «Балдырған» және «Балақай» балабақшасының қызметтері уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта арнайы мамандандырылған қызметтер тарапынан дезинфекциялау, санитариялық бақылау жұмыстары жүргізілі жатыр.
Барлық мекемелерде қауіп толық жойылғаннан кейін қалыпты режимге ауыстырылады.
Білім беру басқармасы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын алға тартты.