
«Қазақстан барысы-2024» атанған Ерасыл Кажыбаев жуырда ғана өзінің мерейлі жасын атап өткен әншіге құрмет көрсетті.
«Тоқтар ағама деген шынайы сый-құрметімнің белгісі ретінде Қазақстан барысында жеңіске жеткен күні қолыма ұстап шыққан қасқырымды арнайы ырымдап сыйға тарттым», — деп жазды палуан өзінің әлеуметтік желісінде.
Айтуынша, бұл қасқыр — әрбір дайындық күні, төгілген тері, жеңіске деген сенімі мен күрестегі рухының белгісі.
«Сол себепті мен бұл дүниені жай ғана сыйлық емес, жүректен шыққан ізгі ниет, жеңіс қуатын бөлісу, ағаға деген құрметтің символы ретінде тапсырдым. Қазақта «жақсының жақсылығын айт» деген сөз бар, ал мен үшін Тоқтар аға ағалық орнын биік ұстайтын азамат», — дейді палуан.