Әнші-композитор Жолбарыс Сейфуллин сұхбат барысында ыңғайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды qandastar.kz
Құрмаш Маханның орындауындағы «Жан сырым» әнінің авторы өзі екенін айтқан сәтте, оған: «Хит қой, керемет ән… Қалай сіздікі? Әлі де сенбей тұрмын…» деген тосын сұрақ қойылады.
Осы кезде Жолбарыс бірден қалжыңға бұрып: «Мынадай боймен дейсің ғой?» деп жылы жымиды.
Желі қолданушылары сұрақ қоюшының хайп қуған әрекетінен гөрі, Сейфуллиннің әзілді көтере білетін ашық мінезіне тәнті болып, жағымды пікірлерін қалдырды.



