Шоу бизнес

«Базарда жүріп, бізді өсірген»: Еркебұлан Тоқтар анасына автосалоннан көлік әперді

Актер және ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар анасына тосын сый жасап, оның көңілін бір көтеріп тастады, деп жазады qandastar.kz.

Белгілі болғандай, Еркебұланның анасы бұрын-соңды көлік мінбеген. Бұл – оның алғашқы автокөлігі.

«Талай жыл бойы базарда ыстыққа да, суыққа да қарамай еңбектеніп, бізді өсіріп, жетілдірген анашымның өміріндегі ең бірінші көлігі», – деп бөлісті Еркебұлан Тоқтар.

Бұл көріністі актердің жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады. Олар әлеуметтік желіде қуанышын жасырмай, жылы лебіздерін жазып жатты.

«Баршаңызға жұғысты болсын», «Анасын ардақтай білген азамат», «Еркебұлан, жарадың!», – деп пікір қалдырды көпшілік.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button