Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду әйгілі «Форсаж» кинофраншизасында бой көрсетеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі rasdaily.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Хабарды фильмнің продюсері әрі басты рөлдердің бірін сомдайтын Вин Дизель айтты. Оның айтуынша, Роналдуға арнайы рөл жазылып қойған.
Атақты шабуылшының кино әлеміндегі дебюті франшизаның финалдық фильмінің екінші бөлімінде өтпек. Аталған фильмнің премьерасы 2027 жылдың сәуір айына жоспарланған. Вин Дизельдің сөзінше, шығармашылық топ Роналдудың «Форсаж» әлеміне қосылуын бұрыннан талқылап келген және оны жоба үшін мінсіз үміткер деп санайды.
Франшизаның соңғы бөлігінің түсірілімі Лос-Анджелес қаласында қайта жанданады. Айта кетейік, дәл осы қалада «Форсаж» сериясының тарихы басталған болатын. Жоба іске қосылған жылдар ішінде онда әлемдік кино мен шоу-бизнес жұлдыздары көптеп бой көрсетті.