Әлеуметтік желілерде күйеуінің күтпеген iPhone 17 Pro сыйлығына әйелдің әсерлі реакциясы елді елжіретті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Atyrau OIL редакциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйеуінің айтуынша, ол әйелін кофе алуға жіберген. Келген соң олар көлікте отырып кофесін ішіп жатқан кезде, әйел жаңа iPhone-ды байқайды. Сыйлық өзіне екенін түсінген сәтте әйел шынайы таңданысын жасыра алмай, риясыз эмоциясын білдірген.
— «Қасқаааа, жан, қасқааа! Өзің қолдан, жақында сыйлық жасадың ғой, ұяламын…», — дейді әйел.
Қолданушылар бұл видеоны дәл осы шынайылық пен эмоцияның әсерлілігі үшін жылы қабылдағанын атап өтті.



