ЖаңалықтарШоу бизнес

«Әйелдік сұлулықтың эталоны»: көптен бері көрінбей кеткен Дарико Хасанғалиева желі қолданушыларын сүйсінтті

Продюсер Альбина Қапсәлім танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиеваның үйіне барып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ескірмеген махаббат әнін білмейтін қазақ жоқ шығар… Өйткені шынайы махаббат ешқашан ескірмейді-жылдар өткен сайын тереңдеп, бекіп, мағынасы арта береді.

Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиев атамыздың музасы, өмірлік жары болған Дарико апайымызды жаңа жылымен құттықтап, арнайы амандасып, батасын алып қайттық.

Дарико апай-сабыр мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттың үйлескен көрінісі. Нағыз «әйелдік сұлулықтың эталоны» деген ұғымды тірі бейнемен дәлелдейтін асыл жан.

Осындай аналардың батасы-ұрпаққа аманат, жүрекке жарық», — деп жазды продюсер.

Оқырмандары танымал композитордың жұбайына ізгі тілектерін білдіріп жатыр.

 

Back to top button