Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Жемқорлар жымқырған 16 млрд теңге ел бюджетіне қайтарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Комитет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, 2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Сондай-ақ 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты», — делінген мәлімдемеде.

Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.

Back to top button