Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Психологиялық қысым болды»: Белгілі блогер ұзақ уақыт бала көтере алмағанын айтты

Танымал блогер, стендапер Жансая Мұратбекқызы «Мамский әңгімеге» берген сұхбатында өзіне бедеулік диагнозы қойылғанын айтты. Блогер 1,5 жыл бойы балалы бола алмағанын жеткізді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бірнеше гинекологқа барамын, олардың әрқайсысы әртүрлі ем береді. Шамамен 3 ай гормонды дәрі ішемін, салдарынан салмақ қосамын. Кейінірек репродуктологка барып, 6 айдан бері бала көтере алмай жүргенімді айтамын. Жарты жылдай сол дәрігермен жұмыс істедік. Ай сайын тест нәтижесін күту мен үшін қиын болды», — деді ол.

Стендапердің айтуынша, дәл сол сәттерде оқырман тарапынан қысым күшейген.

«Салдарынан психологиялық стресс қосылды. Күйеуім де тексерілген еді, оның денсаулығы жаксы болды. Дәрігер «Негізі сізде де бәрі жақсы, қолымнан келгенін жасадым» деп қысқа қайырды», —  деп еске алды ол.

Бірақ блогерге күйеуі қолдау білдірген.

«Баламыз жоқ болса да мен сенімен бақыттымын. Болса болады, болмаса оны көреміз деп айтты. Бәрін Аллаға тапсырдық», — деді блогер.

Блогер кейінірек 31 қаңтарда жүктілігі жайлы біледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button