Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады (ВИДЕО)

Алматы облысында жантүршігерлік оқиға орын алды.

Әлеуметтік желіде бір топ иттің 52 жастағы әйелге шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 17 ақпанда Қарасай ауданы аумағында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әйелге бірнеше ит бір мезетте тап берген.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Тергеу барысында иттердің иесі ретінде 60 жастағы күдікті анықталып, ол жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеуде.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілген, оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button